Белгілі бапкер «Ақтөбе» - «Спарта» теке-тіресі жайлы: қалай дегенде де бір ғажайыпқа сенеміз

21.07.2025, 13:53

Отандық бапкер Алмас Құлшынбаев «Ақтөбенің» Конференциялар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы прагалық «Спарта» мен қазақстандық клубтың мүмкіндігі жайлы айтты.

Белгілі бапкер «Ақтөбе» - «Спарта» теке-тіресі жайлы: қалай дегенде де бір ғажайыпқа сенеміз
"Ақтөбе" - Тобыл" кездесуі

Естеріңізге салайық, командалар алдымен Ақтөбеде жолығады. Бұл кездесу 24-шілдеде өтеді. Ал қарымта бәсеке 31-шілдеде Чехияда болады.  

«Чехия футболы Польшанікінен әлдеқайда жоғары деп есептеймін. Бұл әрине менің жеке ойым. Сондай-ақ, «Спарта» да «Легияға» қарағанда мықтырақ. Бұл жерде әрине, «Ақтөбе» ары қарай өтсе деген тілек бар. Неге десеңіз, олар онсыз да бір турнирден ұшып кетті, енді сондай оқиға тағы қайталанбаса екен дейміз. Ал шынымды айтсам, жеребені көрген соң бірден мықты қарсыластың түскенін түсіндім. Алдыңғысынан да азулы клуб кез келді. Шамамен 80 де 20 пайыз ары қарай прагалық команда өтеді деп жорамалдаймын. Қалай дегенде де бір ғажайыпқа сенеміз, «Ақтөбе» зордың күшімен жеңіске жетеді деп тілейміз. Сырт алаңда тең ойнаса... Өз алаңында «Легияға» қарсы тәуір өнер көрсетіп еді ғой. Бірақ тағы да қайталап айтайын, «Спарта» «Легиядан» мықтырақ. Жан-жүрегіммен «Ақтөбеге» жанкүйерлік етемін, алайда чехиялық ұжым басым түсетін сияқты», - деді А. Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтының тілшісіне.

«Ақтөбе» Еурокубоктегі жолын Еуропа Лигасында бастап, бірінші кезеңде екі ойында да польшалық «Легиядан» ұтылды (0:1, 0:1). Сөйтіп, жорығын КЛ-да жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×