Белгілі бапкер Дастан Сәтпаев туралы: ең алдымен оған қазір белгілі бір деңгейде тәжірибе жинап алу керек

21.03.2025, 22:30

Қазақстандық ардагер Дмитрий Огай Дастан Сәтпаевты ұлттық командаға шақыртуға қатысты өз ойымен бөлісті.

Белгілі бапкер Дастан Сәтпаев туралы: ең алдымен оған қазір белгілі бір деңгейде тәжірибе жинап алу керек
Дастан Сәтпаев

Белгілі бапкердің пікірінше, жас шабуылшы жоғары деңгейдегі халықаралық ойындарға әлі дайын емес. 

«Дастан Сәтпаев, өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар, негізінен болашақта үміт артатын ойыншы. Футболшы небары 16-да, сондықтан, қазір бірдеңе деп айту асығыстық. Ең алдымен оған қазір белгілі бір деңгейде тәжірибе жинап алу керек. Оған Қазақстанда кәдімгідей үміт артылуда, ал бұл ойыншының иығына үлкен жүк болайын деп тұр. Міне осының барлығын сезініп өмір сүру ол үшін біраз уақыт қиын болатын шығар», - деді Д. Огай. 

Айта кетейік, бас бапкер Әли Әлиев «Челси» шабуылшысын Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Уэльс пен Лихтенштейн құрамасына қарсы ойынға қатысатын футболшылар тізіміне қосқан болатын. 

Естеріңізде болса, Дастан Сәтпаев ҚПЛ-2025-тің алғашқы екі турында өнер көрсетіп, бір гол салды. Бұл оның ересек деңгейдегі алғашқы голы. Осы жағдай шабуылшыны ұлттық команда қатарына шақыртуға ықпал еткен секілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×