Белгілі бапкер Қазақстан құрамасы жайлы: алдыдағы ойынымыз нашар болды

Бүгін, 18:01

«Аладоп.кз» сайтының тұрақты сарапшысы Болат Есмағамбетов FIFA Series турнирі аясындағы Қазақстан – Комор аралдары арасындағы кездесуге қатысты болжам беріп, командалардың бірінші таймын түйіндеді.

Белгілі бапкер Қазақстан құрамасы жайлы: алдыдағы ойынымыз нашар болды
Қазақстан құрамасы

Үзіліске алаң иелері басымдықпен аттанды. Әзірге жалғыз голды «Елімай» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов салған. Турнирдегі бірінші бәсекеде Қазақстан Намибиядан басым болған еді 2:0.

«ФИФА-ның шығарған турнирі ғой. Дұрыс, рейтингке жазылатын ойындар. Намибияны ұтқанымен, ол матч аса көңілден шыққан жоқ. Бірінші матчты айтып тұрмын. Әсіресе, алдыдағы ойынымыз нашар болды. Комор аралдары рейтингте жақын болғанымен, ойындары сондай бір керемет емес екен. Қазақстан мықты деп ойлағам. Ұтуы тиіс. Бірінші таймнан кейін сол болжамым шығып тұр. Ары қарай көреміз енді қалай өрбитінін ойынның», - деді Б. Есмағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×