Белгілі бапкер Қазақстан құрамасына біртүрлі баға берді

19.11.2024, 09:33

Ресейлік танымал маман Юрий Семин Станислав Черчесовтың Ұлттар Лигасындағы нәтижелері туралы айтты. 

Белгілі бапкер Қазақстан құрамасына біртүрлі баға берді
Норвегия - Қазақстан құрамасының кездесуі

«Қазір Қазақстан құрамасымен болып жатқан жағдайлар мүмкін сондағы футболдың шынайы көрінісі шығар. Олардың тобындағы командалардың барлығы мықты, сол үшін де осындай нәтиже орын алды. Қарсыластың 11 ойыншысы сенің футболшыларыңнан мықтырақ болған кезде өте қиын. Бұл  жағдай кез-келген бапкердің басына түсуі мүмкін және ол ештеңе істей алмайды», - деді Ю. Семин Metaratings-ке берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Станислав Черчесов осы жазда Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Қазақстандық футболшылар ресейлік маманның жаттықтыруымен Ұлттар Лигасында В Лигасының үшінші тобында Норвегия, Аустрия мен Словениядан кейін соңғы орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 4
Күлкілі 4
Масқара 12
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×