Қазақстандық танымал бапкер Болат Есмағамбетов премьер-лигадағы бәсекелестік туралы пікірімен бөлісіп, болашақ чемпион туралы болжамын айтты.
«Егер объективті түрде айтсақ - бас жүлдеге ең жақын тұрған «Астана». Екі майданда ойнап жатқанына қарамастан, елордалықтарда жақсы әрі тепе-теңдігі күшті құрам бар. Жазғы трансфер кезінде олар жоғары деңгейлі легионерлерді шақырып, күшейіп алды. Құрамында сондай сапалы ойыншылары бар елордалықтар Еурокубок матчтарына Қазақстан құрамасының футболшыларынан жасақталған қосалқы құрамын жіберіп, өздері ішкі біріншіліктің шешуші кездесулеріне ден қояды. Ал олардың чемпиондыққа ұмтылысына тек «Ақтөбемен» болатын бәсеке бөгет болуы мүмкін. «Астана» тек осы ойында сүрінуі кәдік»,-деді белгілі маман.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің 23-турынан кейін «Астана» 38 ұпаймен екінші сатыға көтерілді. Григорий Бабаянның командасында бәсекелестерінен бір матчы артық. Ал көшті 39 ұпайы бар «Ордабасы» бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET