Белгілі бапкер Лига кубогіндегі фаворитті атады

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
27.09.2024, 14:13

Отандық белгілі бапкер Асқар Қожабергенов Лига кубогінің финалдық кездесуі жайлы пікірін айтты. Танымал маман финалда «Астана» айқын фаворит дейді.

Белгілі бапкер Лига кубогіндегі фаворитті атады
Асқар Қожабергенов

«Сөзсіз, «Астана» финалдың анық фавориті. Елордалық ұжым барлық турнирлерде алдына тек биік мақсаттар мен міндеттер қояды. Олар үшін Қазақстандағы алғашқы Лига кубогін ұтып алу зор мәртебе болады деп ойлаймын. Құрамы жағынан «Астана» «Жеңістен» екі бас жоғары. Ал алдағы финалдық кездесу Григорий Бабаянның командасына Конференциялар Лигасының алдындағы жаттығу ретінде пайдалы болғалы тұр», - деді А.Қожабергенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×