Белгілі бапкер: «Лозанна» мен «Астана» шамамен бір деңгейдегі клубтар

02.08.2025, 15:21

Қазақстандық маман Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына «Астананың» КЛ 3-іріктеу кезеңіндегі мүмкіндігі жайлы пікірін айтып, қарсыласы туралы ойын ортаға салды.

Белгілі бапкер: «Лозанна» мен «Астана» шамамен бір деңгейдегі клубтар
«Астана» футболшылары голдарын тойлауда

«Астананың» келесі кезеңдегі қарсыласы өте жақсы команда. «Лозанна» мен «Астана» шамамен бір деңгейдегі клубтар. Өте қызық ойын болады деп есептеймін. Бізден енді «Астана» мен «Қайрат» қалды. Енді соларға үміт артамыз. Қос клубымыз негізгі кезеңге шықса, керемет болатын еді, біз де футбол көргіміз келеді. «Астана» елордаға жақсы командалар әкеліп жатса, «Қайрат» Алматыға мықты клубтарды тартса тамаша ғой», - деді танымал маман.

Айта кетейік, командалардың бірінші бәсекесі 7-шілдеде Швейцарияда болады. Ал жауапты ойын 14-тамызда Астанада өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×