Белгілі бапкер Суперкубок жайлы: осы маусымда солай ойнаса, чемпион болады...

Бүгін, 15:41

Танымал маман Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына берген сұхбатында Суперкубок үшін болған «Қайрат» - «Тобыл» матчын түйіндеп, командалардың өнерін бағалады.

Белгілі бапкер Суперкубок жайлы: осы маусымда солай ойнаса, чемпион болады...
"Тобыл" Суперубок иегері

Осы демалыста алматылық клуб пен қостанайлық ұжым Қазақстанда футбол маусымын ашып, трофейді сарапқа салған. Кездесу 2:2-мен аяқталып, пенальти сынында «Тобыл» басым болды. 

«Көрермен үшін көңілді кездесу болды. Көп гол кірді, пенальти болды. Ал маман ретіндегі пікірім – ойын сапа тұрғысында біраз ақсап тұрды. Пас алмасу, футболшылардың бір-бірімен түсінісуі кішкене көңілден шыққан жоқ. Ал талпыныс жағынан мін жоқ, екі команда да тырысты. Ұтқылары келді. Екі тайм әртүрлі болды. Бірінші бөлігінде «Қайрат» жақсы ойнады, бірінші болып гол жіберсе де, ойын тізгінін ұстады. Допты бақылауда ұстаған. Ал үзілістен кейін мүлде басқа «Тобылды» көрдік. Ұтылып жатқан соң қостанайлықтар тәуекелге барды. Жаңа футболшылар алаңға шықты. Дәурен Жұмат, Дамир Мараттар ойынға өзгеріс енгізді. «Тобылдың» екінші таймдағы қорғаныстағы ойыны қатты ұнады. Егер осы маусымда солай ойнаса, қостанайылықтар чемпион болады», - деді отандық маман. 

«Қайрат» пен «Тобыл» осы аптада премьер-лига аясында алғашқы матчтарын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×