Белгілі блогер Қазақстан Премьер лигасындағы қиын жағдайда тұрған клубты қайта аяққа тұрғызуда

25.04.2025, 17:30

Қазақ футболының жанкүйерлеріне "Атыраудың" қиын жағдайы бұрыннан белгілі. Қазақстандағы ең бай өңірлердің бірі саналатын Атырау облысы футболды қатты тұралатқаны соншалық – жаңа жылдың басынан бері футболшылар мен жаттықтырушылар жалақысын ала алмай келген.

Белгілі блогер Қазақстан Премьер лигасындағы қиын жағдайда тұрған клубты қайта аяққа тұрғызуда

Алайда өткен айдың соңында клуб басшылығына қазақстандық футболдағы ең танымал медиа тұлғалардың бірі – Дидар Сыдықбек шақырылды. Ол клубтың футболшыларына жалақы төлеу үшін өз қалтасынан қомақты қаржы жұмсады. Сонымен қатар, жаңа басшы "Мұнайшы" стадионындағы ескі, тозған шөп төсенішті ауыстыру туралы келісімге келіп, бұл істі "Алаң” бағдарламасы аясында жүзеге асыруды бастады.

Кеше ғана Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында клубтағы өзгерістерге қатысты мынадай жазба жариялады:

"Атырау” футбол клубында облыстық спорт басқармасының қолдауының арқасында тәртіп орнады, қазір стадиондағы жарықтарды жөндеу және дауыс зорайтқыштарды жаңарту жұмыстары басталды. Ертең клубтың автобусын орау жұмыстары басталады және жаңа аптадан бастап кеме жөндеу мекемесінің аумағындағы базада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып бастайды. Осы жұмыстардан кейін фан-шопты іске қосу жоспары бар."

"Атырау” клубы қазіргі таңда Премьер лига турнирлік кестесінде 13-орында тұр. Бес турдан кейін команда алты матчтың ішінде (оның бірі Кубоктағы "Тұранға" қарсы кездесу) бес рет жеңіліс тапты. Тек бірінші турда "Елімайды" жеңген соң, қатарынан бес матчта ұтылып қалды. Осы сәтсіздіктерден кейін Константин Горовенко бас бапкер қызметінен кеткен.

Жас басшы Дидар Сыдықбектің келуімен клубтың ішкі ахуалы біршама жақсара бастады. Енді негізгі мақсат — алаңдағы нәтижелерді де дұрыстау.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×