Белгілі кәсіпкер Қарағандыда академия салады

03.04.2025, 15:54

GOAL.KZ мәлімдеуінше, Freedom QJ League Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов Қарағандыда заманауи академия салуды жоспарлауда.

Белгілі кәсіпкер Қарағандыда академия салады

Белгілі кәсіпкер Қарағандыда жыл он екі ай жұмыс істейтін манежді ел игілігіне бермекші. Жаңа кешеннің сыйымдылығы 5 мың жанкүйерге арналған және төсеніш астынан жылытылып, толықтай жарықтандырылмақ. Қасында дәл осындай жоғары сападағы жаттығу алаңын салу да қарастырылған. Жаңа спорт комплексінің жанынан 80-100 балаған арналған интернаты да бой көтермек. Сондай-ақ, онда өзінің фитнес залы, спортшылардың қалыпқа келіп, тынығуына арналған залдар, әдістемелік әрі медициналық кабинеттер жұмыс істейді. Қарағандыдағы жаңа кешен толықтай балалар мен жасөспірімдер командаларының шеберлігін шыңдауға арналады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×