Отандық футбол майталманы Юсуп Шадиев Sports.kz сайтына берген сұқбатында ұлттық құраманың соңғы кездесулеріне баға беріп, басты команда құрамындағы ойыншылардың өнеріне қатысты пікірін білдірді.
Юсуп Алаудинұлының айтуынша, құрамадағы футболшыларға ойын тәжірибесі жетіспейді.
«Бұл Қазақстан құрамасының мәселесі. Не дегенмен, ресми матчқа қатысу мен жәй жаттығу жасау екі бөлек дүние. Ойын тәжірибесі маңызды, сен әрдайым бабыңда болуың керек. Еуропалық лигаларда доп тебетін ұлттық командамыздың футболшыларының барлығы дерлік өз клубтарының негізгі құрамында ойнамайды. Ол былай тұрсын, ҚПЛ-дегілердің өзі командаларында жеткілікті деңгейде алаңға шығып жүрген жоқ. Ал бұл ұлттық құраманың ойынына қатты ықпал етеді», - деді қазақстандық маман.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте Ұлттар Лигасы аясында екі кездесу өткізді. Станислав Черчесов жаттықтыратын қазақстандық футболшылар Норвегиямен тең ойнап (0:0), сырт алаңда Словениядан оңбай ұтылды (3:0). Енді Қазақстан құрамасы кезекті матчын 10-қазанда Аустрияға қарсы өткізбек. Әзірше біздің команда бір ұпаймен өз тобының соңғы сатысына жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET