Белгілі маман Қазақстанның ойыны туралы: бұл үлкен мәселе

16.11.2024, 13:24

Елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Павел Черепанов Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасындағы нәтижелеріне байланысты пікірін айтты.

Белгілі маман Қазақстанның ойыны туралы: бұл үлкен мәселе
Станислав Черчесов

«Черчесов өте қиын жағдайға тап болды. Қазір құрамадағылардың басым бөлігінде ойын тәжірибесі жоқ. Легионерлерге лимитті алып тастаған соң олардың көбісі өз клубтарының қосалқы құрамында отыр. «Астанада» жалғыз Вороговский ойнап жүр. Соңғы кездесуінде «Қайрат» тек легионерлерімен ойнап шықты. Бұл үлкен мәселе. Сондықтан команданың дайындығы жайлы бірдеңе айту орынсыз. Соңғы матчта аустриялықтар үлкен қысым жасады. Қазақстанды өзінің жарты алаңынан шығармай тастаған еді», - деді белгілі маман. 

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттар Лигасындағы соңғы ойынын ертең Норвегияға қарсы өткізеді. Станислав Черчесовтың командасы өз тобында бір ұпаймен соңғы орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×