Белгілі спорт коментаторы Амангелді Сейітханов өмірден озды

17.08.2021, 02:19
Амангелді ағамыз соңғы 2 апта жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмды.
Белгілі спорт коментаторы Амангелді Сейітханов өмірден озды

Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханов 52 жасында өмірден озды

Журналист соңғы 2 апта жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмды.

Көрермендер мен әріптестері оның кәсіби шеберлігі, спорттық алаңда болып жатқан оқиғаларды өткір және дәл бағалауы, сондай-ақ спорттық оқиғаларды импровизацияны қолдана отырып, шеберлікпен суреттеп беретін қабілеті үшін жоғары бағалады.

Амангелді Сейітханов 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын «Спорт» газетінде бастап, «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарында қызмет етті.  

Футболдан Франция (1998) мен Оңтүстік Корея (2002) елдеріне өткен Әлем Чемпионаты, Сидней (2000) мен Солт-Лейк-Сити (2002) Олимпиадаларының ойындарынан хабар жүргізді. С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.

Aladop.kz сайтының атынан ағамыздың туған-туыстары мен отбасына көңіл айтамыз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×