Еуро-2020 турнирінің топтық кезеңінің 1-тур матчында Ресей құрамасы Бельгия құрамасына есе жіберді. Кездесу Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өтіп, 0:3 есебімен аяқталды. Кездесуде Матеу Лаос бастаған испаниялық төрешілер тобы қызмет етті.
Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку 10-минутта Андрей Семеновтың қателігінен кейін есеп ашты. Тома Мёнье номиналды алаң иелерінің есептегі басымдығын арттырды. Ал 88-минутта Лукаку дубль жасады. "Интер" клубының шабуылшысы осы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Сенімді түрде жеңіске жеткен Роберто Мартинес шәкірттері В тобында көш бастады. Финляндия 3 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Дания мен Ресей сәйкесінше үшінші және төртінші орындарда тұр.
Біздің серіктес: FONBET