“Реал” жартылай қорғаушысы маусым соңына қарай Англия құрамасының үздігі деп танылды.
Жыл сайын Англия құрамасы жанкүйерлерінің таңдауына сәйкес, команданың үздігін анықтайды. Биыл бұл марапатқа Джуд Беллингем лайықты болып отыр. Ол үздіктер бәсекесінде Деклан Райс пен Харри Кейнді артта қалдырды.
Еске салсақ, өткен жылы Англия құрамасының үздігі ретінде Коул Палмер есімі аталған болатын.
Алғаш рет өз елінің дарабозы атанған Джуд осы маусымда құрама үшін 8 матч өткізіп, 1 гол мен 3 голдық пас берді. Жалпы алғанда жартылай қорғаушы үш арыстан жейдесінде 44 матч өткізіп үлгерді.