Белоруссиялық клуб қазақстандық футболшымен келісім-шарт жасасты

04.02.2022, 17:11
Бұл клуб келесі жылы Беларусь біріншілішінде өнер көрсетеді.
Белоруссиялық клуб қазақстандық футболшымен келісім-шарт жасасты

Белоруссиялық «Белшина» клубы 22 жастағы қазақстандық шабуылшы Ислам Чесноковпен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.

Чесноков «Белшинада» өткен жылдың сәуір айынан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда Беларусь бірінші лигасында 28 матч өткізіп, 7 гол мен 4 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Маусым қорытындысы бойынша «Белшина» 63 ұпаймен екінші орын алып, Беларусь Жоғары лигасына жолдама алды.

Чесноков Өскеменде дүниеге келген. Мансабын Шығыс Қазақстандағы «Алтай» командасында бастаған. Бұған дейін Исламның «Каспийге» ауысатыны турады ақпараттар тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×