«Бенфика» шабуылшысы АПЛ клубтарының назарына ілікті

09.04.2022, 00:22
Футболшы белгілі агентпен келісім-шарт жасаспақ.
«Бенфика» шабуылшысы АПЛ клубтарының назарына ілікті

«Бенфика» шабуылшысы Дарвин Нуньес мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Express.

Дереккөздің хабарлауынша, 22 жастағы уругвайлық ойыншыға «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Тоттенхэм» көз тігіп отыр. Бұл ретте португалиялық клуб ойыншыны кемінде 80 миллион еуроға сатуға дайын екенін мәлімдеді.

Дарвин Нуньес қазіргі агентімен байланысын үзіп, жақын арада Жорже Мендешпен келісім-шартқа отырады деп күтілуде.

Қаңтарда уругвайлық шабуылшыға көптеген топ-клубтар қызығушылық танытты, оның ішінде «Вест Хэм» трансфер үшін 45 миллион еуро ұсынғды, бірақ «Бенфика» олардың ұсынысын қабылдамады.

Нуньес осы маусымда 35 ойын өткізіп, 28 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 40 миллион еуроға бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×