Бенитес Бенземаны қосалқы құрамға отырғызады

05.06.2015, 17:03
Бенитес Бенземаны қосалқы құрамға отырғызады
Испандық маманның жаңа жүйесінде французға орын жоқ. "Реал Мадридті" үлкен өзгерістер күтіп түрғаны баршаға аян. Өзгеріс жаттықтырушылық орындықтан басталды. Енді жаңа бапкер мадридтік клубтың ойын жүйесін ауыстырғалы отыр. Жаңа жүйеде шабуыл өтінде, яғни тоғыздықтың рөлін Бензема емес, Роналду атқарады деп хабарланып отыр. Сонымен қатар, өзінің клубтағы орнына Гарет Бэйлдың да көңілі толмайды. Футболшы ойнау мәнеріне ыңғайсыз оң қанатта ойнап, маусым бойы журналистер мен жанкүйерлерден сын естумен болды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×