Беранек шәкірттері өз қарсыластарын анықтады

31.07.2011, 09:44
Беранек шәкірттері өз қарсыластарын анықтады
Бүгін Шілденің 30-ынан 31-іне қараған түнінде әлем Чемпионаты-2014 квалификациялық турнирінің жеребемен тарту рәсімі болды.2014 жылғы футболдан әлемдік мундиальдың жолдамасына таласу үшін Еуропа командалары бірнеше топқа бөлінді.Жеребе  бойынша Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің жолдамасын Германия, Швеция, Ирландия, Австрия, Фарер аралдары сынды құрамаларымен Еуропалық іріктеу турнирінің «С» тобында сарапқа салатыны белгілі болды. Жеребе тарту рәсімі аяқталған соң-ақ мамандар бірден біздің топтың фавориті ретінде "неміс мәшинесін" яғни Германия құрамасын атады. Әлбетте, мамандардың бұл пікіріне ешбір футбол жанкүйері қарсы шыға қоймас. Бірақ қалған командалар да әр ұпай үшін жан алысып, жан берісері анық. Жеребе сәтті түсіпті.Үштікке таласуға мүмкіндік бар.Фарер аралдарын екі кездесуде де ұту керек.Ал Австрия,Ирландияны өз алаңымызда әупірімдеп болса да ұтып, сырт алаңда тең түсуіміз керек.Швецияны да ұтуға мүмкіндік бар.Өйткені қазір Швеция формасында емес.Реті келсе неміс мәшинесінен де ұпай алсақ, тақиямызға тар келмесі анық.Біз Беранек шәкірттеріне сенеміз. Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінің іріктеу ойындары  2012 жылдың 7-қыркүйегі мен  2013 жылдың 15-қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. Әлем чемпионатының финалдық бөлігіне Еуропа қауымдастығынан 13 команда шығады. Алдымен,өз топтарынан жеңімпаз атанған тоғыздық Әлем біріншілігіне тікелей жолдама алады. Екінші орындарда қалған тағы сегіз команда жеребе арқылы өзара тағы төрт жұп құрып, аралас кездесуде ӘЧ 2014-ке қатысатын тағы төрт команданы анықтайды. Сонымен жеребе нәтижесі бойынша : Қазақстан қарсыластарына қарсы қалай ойнаған? Қазақстан – Германия (+0=0-2, гол айырмашылығы – 0:7) Қазақстан – Швеция (өзара кездескен жоқ) Қазақстан – Ирландия (өзара кездескен жоқ) Қазақстан – Австрия (+0=0-1, гол айырмашылығы – 0:2) Қазақстан –Фарер аралдары (+0=0-2, гол айырмашылығы - 3:5) Қарсыластардың Фифа ретингіндегі орындары: Германия 3, Швеция 19, Ирландия 33, Австрия 66, Фареры 112, КАЗАХСТАН 126.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×