Беранектің Болгарияға қарсы шақырған футболшылары

23.05.2013, 19:25
Беранектің Болгарияға қарсы шақырған футболшылары

Тізімнен Давид Лория, Самат Смақов, Жамбыл Көкеев, Генрих Шмидтгаль, Бауыржан Исламхан және Дәуренбек Тәжімбетов сынды саңлақтарды таппадық. Есесіне, құрамада Ресей чемпионатынан "Ақтөбеге" ауысып, жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған Алексей Мулдаров бар.

 Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек маусым айының 4-інде Болгария ұлттық құрамасынақарсы өтетін жолдастық кездесуге дайындалатын футболшылардың тізімін жариялады.   Тізімде барлығы 23 футболшы бар. Арасында Ресей чемпионатынан ауысып, жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған «ақтөбелік»қорғаушы Алексей Мулдаров та жүр. «Ақтөбеге» Самат Смақовтың орнын басу үшін шақыртылған Мулдаров Болгарияға қарсы алаңға шығар болса, бұл оның Қазақстан ұлттық құрамасының сапындағы дебюті болмақ. Есесіне тізімнен Самат Смақовты таппадық. «Егер ұлттық құрама меніңкөмегіме зәру болса, онда мен көмектесуге әрдайым дайынмын», - деп ағынан жарылған Смақовтың шеберлігі мен тәжірибесінің құны әзірге Беранек үшін көк тиын болып тұрған тәрізді. Әдеттегідей, Давид Лория дақұрамадан тыс қалған. Смақов екеуі Түркия бірінші лигасының чемпионы атанып, Суперлигаға жолдама алған, өз командасыныңкөшбасшыларының бірі болған бұл екеуін бас бапкеріміз көзіне ілер емес.Қысқы маусымаралық үзілісте Ресей чемпионатының «Кубань» клубына ауысқан Бауыржан Исламхан да тізімде жоқ. Мирослав Беранек Германия Бундеслигасындағы Генрих Шмитдгальды да бас командаға шақыруды жөн көрмепті. Бірақ соңғы екеуінің жоқтығы түсінікті. Бауыржанға «Кубань» футболшыларыменн бірге жаттығып, негізгі құрамға өту үшін шеберлігін шыңдай түсуі қажет. Ал Шмитдагль жаңа командасына ауысқан. Оның үстіне, жарақатынан енді айығып келеді. Қазақстан футбол федерациясы Құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаус, «Шмитдагль әбден сынақтан өткен ойыншы. Оны жолдастық кездесуге шақырып әуре қылудың қажеті жоқ. Әлеуетін жақсы білеміз», - деген болатын. Тағы бір шебер ойыншымыз Жамбыл Көкеевке бұл жолы негізгі құрамнан орын табылмай, резервте мүмкіндігін күтуде. Ал Жамбылдың командаласы Дәуренбек Тәжімбетовке тіпті резервтен де орын бұйырмады.  

Қазақстан ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Самат Отарбаев («Ордабасы» Шымкент); Андрей Сидельников («Ақтөбе»); Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды)   Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов («Астана»); Марк Гурман(«Қайрат» Алматы); Александр Киров («Астана»); Виктор Дмитренко(«Астана»); Юрий Логвиненко («Ақтөбе»); Алексей Мулдаров («Ақтөбе»);Антон Чичулин («Ертіс» Кереку)   Жартылай қорғаушылар: Ұлан Қонысбаев («Астана»); МаратШахметов («Астана»); Мақсат Байжанов («Шахтер» Қарағанды);Бауыржан Жолшиев («Тобыл» Қостанай); Марат Хайруллин («Ақтөбе»);Валерий Коробкин («Астана»); Павел Шабалин («Ертіс» Кереку);Дмитрий Шомко («Ертіс» Кереку); Анатолий Богданов («Тобыл»Қостанай); Азат Нұрғалиев («Ордабасы» Шымкент)   Шабуылшылар: Сергей Остапенко («Астана»); Таңат Нөсербаев («Астана»); Сергей Хижниченко («Шахтер» Қарағанды).  

Резерв:

қақпашы – Антон Цирин («Жетісу» Талдықорган), қорғаушы –  Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы» Шымкент), жартылай қорғаушылар – Игорь Юрин («Ертіс» Кереку), Жамбыл Көкеев («Шахтер» Қарағанды), Қазбек Гетериев («Қайрат» Алматы), шабуылшылар – Сергей Гридин («Ақтөбе»),  Алексей Щеткин («Жетісу» Талдықорған)   Ұлттық құрама өз жиынын маусымның 1-і күні Алматыдағы "Талғар"базасында бастайды. Ал жолдастық кездесуден кейін барлық ойыншыларөз клубтарына оралады. Айтпақшы, негізгі құрамдағы футболшыларқандай да бір себеппен құрамадан тыс қалса, олардың орнын резервтегі футболшылар алмастыра алады.   Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан - Болгария ұлттық құрамаларыарасындағы жолдастық кездесу 4 маусымда Алматының Орталықстадионында өтеді. Басталуы — 20:00. Билеттер Орталық стадионныңмаңындағы кассаларда және Алматы қаласындағы "Меломан" сауда желілерінде сатылады.   БАС КОМАНДАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТ!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×