Берік Шаихов: «Көптеген танымал ойыншылар мен бапкерлер «Тараздан» шыққан»

23.02.2021, 22:46
Шаихов өткен маусымды «Қызыл-Жар» клубында өткізген болатын.
Берік Шаихов: «Көптеген танымал ойыншылар мен бапкерлер «Тараздан» шыққан»

"Тараз" сапына ауысқан 27 жастағы қазақстандық қорғаушы Берік Шаихов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында өзінің жамбылдық командаға ауысуының себебі туралы айтып берді.

- Берік, "Тараздың" ұсынысы сізді несімен қызықтырды?

- Клубтың ойыншыларға өте жақсы жағдай жасайтыны - жаттығу мен ойынға мүмкіндік беретін қажет нәрсенің бәрі осында. Мен білікті футболшылардан құралған команданың ұмтылысын және тағы бір маңызды фактор - Армения құрамасымен жақсы нәтижелерге қол жеткізген танымал бас бапкер Вардан Минасянды атап өткім келеді.

- «Тараз» туралы не білесің?

- Мен бұл клубтың үлкен дәстүрлері бар екенін және көп жылдық тарихы бар қаланың командасы екенін білемін. Мұнда техникаға баса назар аударылады, көптеген танымал ойыншылар мен жаттықтырушылар осы жерден шыққан.

- Сіз жаңа командада біреуді танисыз бе?

- Ия, мен көптеген ойыншыларды білемін. Мысалы, Әлішер Сүлейді жастар құрамасындағы ойындарынан білемін. Біз Елдос Ахметовпен және Бауыржан Байтанамен жақсы араластық. Бір командада ойнайтынымызға өте қуаныштымын!

"Тараз" КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×