«Бернли» клубын америкалық компания сатып алды

01.01.2021, 00:40
Клубтың жаңа қожайындары екі құрылымға бөлінді.
«Бернли» клубын америкалық компания сатып алды

Қыркүйекте белгілі болған келіссөздер нәтижесінде "Бернли" клубы қожайындарын ауыстырды, деп хабарлайды Sky Sports.

Ағылшын клубының акцияларының 84%-ын "ALK Capital LLC" деп аталатын америкалық спорттық инвестициялық компаниясы сатып алды. Бұл келісімнің орын алғанын Премьер-лига басшылығы да мақұлдады.

Бұған дейін "Бернлидің" жаңа қожайындары екі құрылымға бөлінетіні туралы хабарланған болатын. Біріншісіне бақылау пакетіне иелік ететін бірқатар жеке инвесторлар, ал екіншісіне клуб менеджментінің өзі кіреді.

"ALK Capital" компаниясын Алан Пейс басқарады. Пейс сонымен қатар MLS-те өнер көрсететін "Реал Солт-Лейк" футбол клубының президенті болды. Өткен жылы бұл функционердің "Шеффилд Юнайтедті" сатып алу әрекеті сәтсіз аяқталған еді.

15 турда 16 ұпай жинаған "Бернли" Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 16-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×