“Бешикташ” фанаттары бапкер ауыстыруды талап етуде

Бақтиер Зайнутдиновтың бұрынғы командасында жаңа жаттықтырушы мәселесі көтерілді. 

“Бешикташ” фанаттары бапкер ауыстыруды талап етуде

Фанаттар “Бешикташтың” Еуропа Лигасында донецкілік “Шахтерден” ұшып кетуіне байланысты біраз шу көтерді. Жанкүйерлер норвегиялық бапкер Оле-Гуннар Сульшердің қызметіне разы еместігін жеткізуде. Олар команданың бұл қызметіне басшылықтан Шенол Гюнешті қайта алып келуін өтінуде. 

Айта кетейік, қос ойын қорытындысы бойынша Ыстамбұлдық клуб Украина командасынан 6:2 есебімен есе жіберді. 

Түркияның атақты маманы кезінде 2 маусым “Бешикташты” баптады. Гюнештің баптауымен қырандар 2 рет ішкі чемпионатты жеңді және Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты. 

73 жастағы маман маусым айынан бері қызметсіз жүр. Соңғы рет Шенол “Трабзонспор” клубының директоры лауазымын атқарды. 

Бапкерлік мансабында тәжірибелі жаттықтырушы “Трабзонспор”, “Истанбулспор”, “Болуспор”, “Сакарьяспор”, Түркия, “Сеул”, “Бурсаспор” ұжымдарында еңбек атқарды. 

Айта кетейік, осы жазғы трансферлік ауысымда “Динамоға” ауысқанға дейін отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов “Бешикташ” сапында өнер көрсетіп келген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Бешикташ
Aladop Youtube
×