Отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов өз командасының донецкілік “Шахтерге” қарсы кездесуінде көмектесе алмайтын болды.
Түркиялық ұжымның бас бапкері Бақтиер Зайнутдиновпен қоса, тізімнен Алекс-Окслейд Чемберлен, Эмреджан Озунхан және Жан Онаны алып тастады. Бұл футболшылар Украина ұжымына қарсы ойынға мүлдем қатыспайды.
27 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда “бүркіттер” сапында небәрі 5 ойын өткізді. Бақтиер жылдың ақпан айынан бері ұзақ мерзімді жарақатынан жазылып жатты.
Айта кетейік, “Бешикташтың” “Шахтермен” болатын ойыны 24 шілде күні Астана уақытымен 23:00-де басталады.