“Бешикташ” командасына Бундеслигада өнер көрсетіп жүрген футболшы келуі мүмкін

11.04.2024, 19:25

Ыстамбұлдық “Бешикташ” леверкузендік “Байердің” шабуылшысы Патрик Шикті қатарына қосқысы келеді.

“Бешикташ” командасына Бундеслигада өнер көрсетіп жүрген футболшы келуі мүмкін

“Бешикташтың” ресми өкілдері “Байермен” байланыс орнатқан екен. “Ақ-қаралар” шабуылшыны жалға алуды мақсат етіп отыр. 

Бундеслиганың осы маусымында чехиялық ойыншы 14 ойын өткізіп, 5 голдық нәтижемен көзге түсті. 

Еске салайық, “Бешикташ” сапында отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. Жартылай қорғаушы ыстамбұлдық ұжым қатарына қосылғалы барлығы 25 ойын өткізіп, 1 гол соқты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×