Стамбұл ұжымы 52 жастағы жергілікті маманды бапкерлік қызметке тағайындады
Серген Ялчын - “Бешикташ” клубының жаңа бапкері атанды. Суперлига ұжымы түрік маманымен 2 жылдық келісім шартқа отырды.
Айта кетейік, Серген бұған дейінде “Бешикташты” жаттықтырған. 2020-2021 жылғы маусымдары ол қырандардың ішкі чемпионат пен ел кубогынде топ жаруына үлкен үлес қосты.
Жалпы 52 жастағы бапкер Түркия чемпионатында “Бешикташтан” бөлек, 9 командада қызмет жасады. Маман ішкі чемпинаттағы біраз ұжымды бес саусағындай таниды.
Бұған дейін біздің редакция Серген Ялчынның Уле-Гуннар Сульшер орнына келетіні жайында ақпарат берген болатын.
https://aladop.kz/post/beshiktashtyn-bapkeri-kyzmetinen-ketti-51419/