«БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына жолдама алды

16.12.2020, 20:15
Шымкенттік команда келесі қарсыласын 16 ақпанда білетін болады.
«БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына жолдама алды

Шымкенттік "БИІК-Қазығұрт" Харьковтың "Жилстрой-2" командасын жеңіп, әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті.

1/16 финалдың жауапты ойыны Шымкентте өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Шешуші голды 35-минутта Камила Құлмағамбетова соқты. Бірінші кездесуде қазақстандық команда ұтылған еді - 1:2, бірақ сырт алаңдағы голдың арқасында "БИІК-Қазығұрт" келесі кезеңге өтті.

1/8 финалға арналған жеребе тарту рәсімі 2021 жылы 16 ақпанда, ал осы кезеңдегі матчтар 2021 жылы 3-4 және 10-11 наурызда өтеді. Финал 16 мамырда Швецияның Гетеборг қаласындағы "Гамла Уллеви" стадионында өтеді. Турнирдің қазіргі жеңімпазы - франциялық "Лион".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×