Әбікен мен Исламхан «Қайсарға» ауысы мүмкін

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Айбол Әбікен мен Бауыржан Исламхан Қызылорданың «Қайсар» футбол клубына ауысуы мүмкін. Бүгінде «дала қасқырлары» қос футболшымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Әбікен мен Исламхан «Қайсарға» ауысы мүмкін

Биылғы маусымда Әбікен мен Исламхан Шымкенттің «Ордабасы» командасында өнер көрсетті. Батори ел чемпионатында 20 кездесуде алаңға шығып, 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Ал Айбол ұзақ мерзімді допингтік шектеуден кейін шымкенттіктер сапына қосылып, 15 ойын өткізді. Екі мәрте қызыл қағаз алып алаңнан қуылғанынан басқа нәтижелі іс-қимылымен көзге түспеген. Бауыржан Исламхан 31 жаста, ал Айбол Әбікен 28-де. Әзірге, қос футболшы да нақты келісімге келген жоқ. Бірақ, қаржылық мәселелер шешілсе, командаға ауысуға дайын. Тәжірибесі толысқан аяқдопшылар «дала қасқырларының» қатарын толықтырып, «Қайсардың» ойынын жандандырмаса, әлсіретпейтіні анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×