Билек пен Сүйімбаевтың The Best жүлдесінде кімдерге дауыс бергені белгілі болды

18.12.2020, 18:04
Михал мен Ғафуржан кімдерді үздік деп таныды екен?
Билек пен Сүйімбаевтың The Best жүлдесінде кімдерге дауыс бергені белгілі болды

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) күні кеше 2020 жылды қорытындылап, жыл үздіктерін марапаттаған еді.

Жылдың үздіктерін анықтауда Қазақстан ұлттық құрамасының экс бас бапкері Михал Билек пен капитан Ғафуржан Сүйімбаевтың кімдерге дауыс бергені мәлім болды.

Жылдың үздік қақпашысына лайық деп таныған Билектің үштігі:

  1. Мануэль Нойер
  2. Тибо Куртуа
  3. Кейлор Навас

Ғафуржанның таңдауы:

  1. Ян Облак
  2. Мануэль Нойер
  3. Марк-Андре тер Штеген

Ал жылдың үздік бапкері атағына дауыс беруде Билек:

  1. Юрген Клопп
  2. Зинедин Зидан
  3. Ханс-Дитер Флик үштігін көрсеткен.

Сүйімбаев болса:

  1. Ханс-Дитер Флик
  2. Зинедин Зидан
  3. Марсело Бьелса сынды бапкерлерге дауыс берген.

Ал ерлер арасындағы жылдың ең үздік ойыншысына экс бапкеріміз бен капитанымыз төмендегідей ретпен дауыс берген:

Михал Билек:

  1. Роберт Левандовски
  2. Криштиану Роналду
  3. Лионель Месси

Ғафуржан Сүйімбаев:

  1. Роберт Левандовски
  2. Криштиану Роналду
  3. Килиан Мбаппе
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×