Бірінші Лиганың өз Буффоны бар

Ел құрамасының қақпасын қорғайтын жас талант қалыптасып келеді.

Бірінші Лиганың өз Буффоны бар

Әбілхайыр Алиақпар - Бірінші Лигадағы ең сенімді қақпашылардың бірі

Маусымның басында “Алтайға” ауысып келген Әбілхайыр Алиақпар Бірінші Лигада үздіктер қатарынан табылуда. Өскемен командасының қақпа қорғаны чемпионатта 37 соққыны сәтті қайтарған екен. Пайыздық мөлшерлемемен есептегенде, Әбілхайыр өз қақпасына дәл бағытталған соққылардың 79% тойтарып тұрыпты. 

19 жастағы қақпашының көмегімен Алтай чемпионатта “Ертістен” кейінгі аз гол жіберген екінші ұжым атанғанын айта кетейік (11 гол жіберлді).  

Осы маусымнан кейін “Жас-Қыран” түлегіне жақсы клубтар құда түсуі әбден мүмкін. 

2023 жылы Әбілхайыр Беларусияда тұрақты түрде өтетін Даму Кубогының үздік қақпашысы атанған. Болар бала боғынан демекші, жастайынан мықтылармен бәсекеге түскен Алиақпардың болашағынан үміт көп. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×