Әбинұр Нұрымбет көлік мініп қалуы мүмкін

19 жастағы жартылай қорғаушы өнер көрсететін “Андижан” клубының ойыншылары Өзбекстан Кубогының финалында жеңіске жетсе, олжалы оралмақ, деп жазады Chempionat.Asia.

Әбинұр Нұрымбет көлік мініп қалуы мүмкін

“Андижан” клубының басшылығы турнирде жеңіске жеткен әр ойыншысының астына “Chevrolet Onix” маркалы темір тұлпар мінгізеді. Айта кетейік, аттас қаланың клуб сапында отандасымыз Әбинұр Нұрымбет доп тебеді.  

Еске салсақ, Өзбекстан Кубогының финалы 5 қазан күні Ферғанадағы “Истиқлол” стадионында өтеді. Турнирдің бас жүлдесіне “Андижан” мен “Навбахор” ұжымдары талас құрады. 

Жартылай қорғаушы Әбинұр Нұрымбет өз командасының “Қызылқұмға” қарсы Кубоктың ширек финалдық кездесуінде толық ойын өткізді (0:3). 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×