«Бёрнли» бапкері Дастан Сатпаевтың оралуы туралы айтты

Бүгін, 06:05

Англияның «Бёрнли» клубының бас бапкері Никки Хайен Дастан Сатпаевтың жарақаттан кейін командаға оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

«Бёрнли» бапкері Дастан Сатпаевтың оралуы туралы айтты

Маманның айтуынша, Сатпаев жаттығу жұмыстарына қайта қосылуға жақын. Оның оралуы «Бëрнлидің» шабуылдағы мүмкіндіктерін арттырады. 

«Джош Каллен де жалпы топқа оралуға жақын, Дастан да қайта оралып жатыр. Бұл бізге көбірек мүмкіндік береді. Оның алғашқы екі матчта қаншалықты пайдалы болғанын бәрі біледі. Сондықтан Дастанға қайтадан сенім арта алу біз үшін өте маңызды.» – деді Никки Хайен.

Сатпаев «Бёрнли» сапында маусымның алғашқы ойындарында алаңға шығып, командаға шабуыл шебінде көмектескен еді. Алайда жарақатына байланысты кейінгі кездесулерді өткізіп алды.

Енді Қазақстандық футболшының толық қалпына келіп, командамен бірге жаттығуға қайта оралуы күтіліп отыр. «Бёрнли» бапкері Сатпаевтың команда үшін маңызын атап өтіп, оның қайта қосылуы құрамдағы таңдау мүмкіндігін кеңейтетінін жеткізді. 

Сатпаевтың оралуы Қазақстан құрамасы үшін де маңызды. 18 жастағы шабуылшы биыл «Челсиге» ауысып, маусым соңына дейін «Бернлиге» жалға берілген. Енді оның басты міндеті – жарақаттан толық айығып, ағылшын футболындағы ойын тәжірибесін жалғастыру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×