Бір-ақ қадам қалды

15.10.2011, 21:53
Бір-ақ қадам қалды
Еуропа чемпионаты — 2012Өткен жұмада Еуропаның жасыл алаңдары тағы да бір рет сілкініп алды.Ұтуға тиісті командалар заңды жеңістерін тойлады, әлсіздер тағы бір қамығып қалды. Айталық,  Германия, Голландия және Испания ұлттық құрамалары бұл дода басталғалы тек жеңіске жетіп қана келеді, ұтылмақ түгілі тең ойынға да келіскен кездері жоқ. Мысалы, өткен жұма күні Германия Түркияны (3:1), Голландия Молдавияны (1:0), Испания Чехияны (2:0) ұтты. Ұтылыс дәмін татпағандар да үш құрама —  Италия, Грекия және Англия. Бірақ бұлардың қарсыластарымен тең түскен кездері бар. Дегенмен өткен жолғы кезекті кездесулерден бұлар да олжасыз қалмады. Грекия Хорватияны ұтса (2:0), Италия Сербиямен (1:1), Англия Черногориямен (2:2) тең ойнады. Әзірге бір-ақ рет ұтылғандар: Ресей, Франция, Черногория, Португалия және Дания. Өткен жолы бұлар да сыр берген жоқ. Жоғарыда аталған Черногориядан басқалары жеңіске жетті: Ресей Словакияны (1:0), Франция Албанияны (3:0), Португалия Исландияны (5:3), Дания Кипрді (4:1) ұтты. Осы нәтижелерге асығыс көз жүгіртіп өткеннің өзінде ғана алдағы жазда Еуропа чемпионатының финалдық ойындарына қатысатын 16 команданың ізі байқалып-ақ қалатын сияқты. Себебі енді негізінен бір ғана кездесулер қалды, одан әрі қосымша ойындарға қатысуға мүмкіндік алғандардың бәсекесі басталады.
  • Қазақстан ұлттық құрамасы бар «А» тобындағы жеңімпаз бұдан бұрын-
ақ белгілі болғаны мәлім. Ал екінші орын үшін бәсеке Түркия мен Бельгияның арасында өрбіп тұр. Бұл кездесуде Түркия, жоғарыда жазғанымыздай, Германиядан жеңіліп қалды да, Бельгия Қазақстанды 4:1 есебімен ұтып, жағдайын жақсартып алды. Ал Австрияның Бакуде Әзірбайжан құрамасын ұтуы (4:1) тек көңілді демдеу үшін ғана керек есеп екені түсінікті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×