
Vesti.kz «Астананың» нигериялық шабуылшысы туралы материалында осындай тіркесті қолданыпты.
Әңгіме Ннамди Аханону жайында болып отыр.
«Оны 217 миллионға сатып алған, бірақ ол небары 3-ақ гол салды.
Осыдан тура бір жыл бұрын 2024-жылдың сәуірінде «Астана» Аханонумен келісімге келген болатын. Transfermarkt мәліметіне сәйкес, астаналықтар ол үшін албанияның «Скендербеуіне» 450 мың еуро (сол кездегі курспен 217,8 миллион теңге) берді.
Былай қарағанда бұл болашақ үшін жақсы трансфердей көрінді: командаға Албанияның жоғары дивизионында әрбір екінші ойында гол салған 22 жастағы африкалық шабуылшы келді (18 матчта 9 гол). Алайда, футболшы іс жүзінде «Астананың» үмітін ақтай алған жоқ», - делінген порталдың материалында.
Былтырғы маусымда Ннамди Аханону елордалықтар жейдесіндегі 26 ойында 3 голдың авторы атанды. Ал ҚПЛ-2025-те ойыншы әлі бірде бір кездесуде өнер көрсеткен жоқ. Ннамди Аханону мен «Астананың» келісімшарты келесі жылдың аяғына дейін жарамды. Футболшының нарықтық бағасы 200 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET