Испаниялық БАҚ Mundo Deportivo “Қайраты” пен “Реал” матчқа өте жоғары қызығушылық бар екенін жайлы жазды.
“Кездесу 30 қыркүйекте “Қайраттың” алаңында өтеді. Сәрсенбі күні бір жарым сағат ішінде 155 000-нан астам жанкүйер билеттерге өтініш жасаған. Осы қызығушылықтан Алматы клубының билеттерін сататын сайты бірнеше рет істен шыққан.
Матч “Орталық стадионда” өтеді, ол 23 804 көрермен сыйымдылығына ие. Ең арзан билет 30 000 теңге (шамамен 47 евро), ал ең қымбаты – 250 000 теңге (шамамен 380 евро).
Бұл “Қайрат” үшін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы үйдегі ойыны болмақ. Клуб өткен аптада Лиссабонда “Спортингке” қарсы дебютін өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді.” – деп жазды басылым.