Бірінші лига мен Екінші лиганың басталатын уақыты белгілі болды

02.09.2020, 23:05
Тағы карантин енгізілмесе, белгіленген уақытта басталуы керек.
Бірінші лига мен Екінші лиганың басталатын уақыты белгілі болды

Бірінші және екінші лига ойындары жақын арада басталатын болады.

Сонымен, Бірінші лига екі жерде өтуі керек - Павлодар мен Шымкент. Ойындар 12 қыркүйекте басталады деп жоспарланған. Бірінші лига командалары екі конференцияға бөлінген.

Бірірші конференцияда "Ақтөбе", "Алтай", "Мақтаарал", "Байқоңыр", "Қыран", "Екібастұз", "Арыс" командалары бар. Екінші конференцияда "Ақжайық", "СДЮСШОР", "Жетісу Б", "Шахтер-Булат", "Қайрат Жастар", "Академия Оңтүстік" секілді командалар ойнайды.

Ал 4 топқа бөлінген Екінші лига 15 қыркүйекте басталады. Өтетін орны - Ақтау, Тараз, Көкшетау және Өскемен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×