Бірінші лигада Шымкенттің атынан шығатын екі бірдей командалар дайындықтарын пысықтауда

12.02.2012, 02:30
Бірінші лигада Шымкенттің атынан шығатын екі бірдей командалар дайындықтарын пысықтауда
17 жастағы аяқдопшыларды бапкерлер негізгі оқу жаттығуының алдында іріктеу жасауда. Бұл жолы олар Қыран футбол командасымен кездесті. Бірінші лигада Шымкенттің атынан шығатын екі бірдей команданың мықтылығын сырттай бақылауға өзге аудагндардың белгілі бапкерлері де келген. Олардың арасында Мақтаралдың жаттықтырушысы да бар. Футбол мектебінің жеткіншектері үшін ересектерге төтеп беру оңай болмасы анық. Десек те ел біріншілігінінен бас тарпаймыз дейді команда бапкері Ғалым Төлегенов. Өйткені, бұл футболшыларға қажеттігі тәжірибе ғана. Бірінші лига командалары арасында республикалық жарыс сәуір айында басталады. Оған дейін бұл жеткіншектер Өзбекстанға жол тартып, Ташкентте оқу жаттығу жиынын өткізеді. Содан кейін ересектермен сынға түсіп, тәжірибе жинақтайтын болады.
Ғалымжан Төлегенов, №7 футбол мектебінің  бас бапкері:»Біздің жеткіншектер үшін алдағы жарыс тәжірибе жинақтап, ересектер командасына өтуге жақсы мүмкіндік. Әрине, дайындық қажет. Десек те, ұятқа қалмаспыз деген ниеттемін» http://otyrar-tv.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×