Бүгінгі ойын күнінде біз үш кездесудің куәсі болдық.
Бірінші лига, 14-тур
"Екібастұз" (Павлодар) 1:3 "Алтай" (Өскемен)
Голдар: Тетерин 21’, Сүлейменов 63’, Хижниченко 75’, Мұхит 90+4’
Қатарынан екінші ойында жеңіске жеткен “Алтай” 29 ұпаймен турнир кестесінде үшінші сатыға көтерілді.
"Түркістан" 0:2 AKAS (Алматы)
Голдар: Саутов 13’, Примбердиев 87’
“Түркістан” командасының жеңіс көрмегеніне қатарынан 9 ойын болды. Нәтиже көрсете алмай келе жатқан ұжымның жабылып тынуы ғажап емес.
SD Family 0:2 “Шахтер” (Қарағанды)
Голдар: Нүсіп 68’, 77’,
Бүгінгі ойында 2 гол соққан Арман Нүсіп лига сұрмергені Мирас Тұрлыбекке жетіп қалды (9 гол). “Каспий” ойыншысы қазірде 10 голмен көшті бастап тұр.