Бірінші лиганың қазан айындағы үздік ойыншысы белгілі болды

10.11.2021, 00:40
Бұл футбоошы келесі маусымда Премьер-лига командасында ойнауы мүмкін.
Бірінші лиганың қазан айындағы үздік ойыншысы белгілі болды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) өткен айдың қорытындысы бойынша Бірінші лига командалары арасындағы біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатымен бапкер және капитандар арасында сауалнама өткізді. 

2021 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік ойыншысы болып «Екібастұз» жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов атанды. Сауалнама нәтижесінде Ақтөбе футболының түлегі 26 ұпай жинады. 

Екінші орында - «Ақсу» футбол клубының ойыншысы Мирас Тұрлыбек, ол 24 ұпай жинады. Үздік үштікті 13 ұпаймен «Оқжетпес» командасының шабуылшысы Жасұлан Молдақараев түйіндеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×