Бірінші лиганың үздік ойыншысы ҚПЛ клубтарының ұсынысынан бас тартты

06.12.2021, 20:41
Шабуылшы өткен маусымда 21 гол соқты.
Бірінші лиганың үздік ойыншысы ҚПЛ клубтарының ұсынысынан бас тартты

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Мирас Тұрлыбек мансабын "Ақсуда" жалғастырады.

Павлодарлық клуб биыл Бірінші лигада топ жарып, жоғарғы дивизионға шыққандықтан, көшбасшы футболшысын сақтап қалуды көздеп отыр.

Тұрлыбек ҚПЛ командаларынан бірнеше ұсыныс алды, бірақ "Ақсуда" қалу туралы шешім қабылдады.

Өткен маусымда жас шабуылшы Бірінші лигада 21 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені және маусымның үздік ойыншысы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×