Бірінші лиганың үздік сұрмергені Малайзия чемпионатына ауысты

“Ақжайықтың” 30 жастағы экс-шабуылшысы Николай Агапов мансабын “Шри-Паханг” клубында жалғастыратын болады, деп жазады Аладоп.кз.

Бірінші лиганың үздік сұрмергені Малайзия чемпионатына ауысты

Футболшы малайзиялық клубқа еркін агент ретінде қосылды.

Жалпы Николай оралдың “Ақжайығында” 28 матч өткізіп, 24 гол соқты. Осындай нәтижелі әрекеттерінің арқасында ол Бірінші лиганың үздік сұрмергені атанды. Қазақстанға келместен бұрын Агапов Украина, Өзбекстан және Түркия чемпионаттарында бағын сынады.

Трансфермаркет 30 жастағы ойыншыны 350 мың еуроға бағалайды.

“Паханг” клубы Малайзия Суперлигасының өткен маусымдағы турнирлік кестесінде 26-тур қорытындысы бойынша 45 ұпаймен 5 орында тұрақтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×