«Биылғы маусымда қандай жарыс бар, бәрінде жеңіске жетеміз»деп жар салған “Арсеналдың” жоспары жексенбіде өткен “Уэмблидегі” матчта күл-талқан болды. Олар Англия Лига кубогы үшін жарыстың ақтық сынында 1:2 есебімен “Бирмингемге” есе жіберді. Осы күні ондаған миллион жанкүйер өздерінің сүйікті клубынан осы маусымдағы алғашқы жүлдені күткен еді. Оның үстіне Арсен Венгердің бүгінгі ақтық бәсекеге мықтыларын түгел қосқаны да көп жайдан хабар берсе керек. Бірақ кубок үшін жарыстың сценарийі басқаша жазылған болып шықты. Ә дегеннен ойын тізгінін қолға алған “Арсеналдың” аптығы көп ұзамай-ақ басылды. Осы жерде бұрыштан допты ойынға қосқан қонақтар алаң иелерін сансоқтырып кетті. Бұл эпизодта бір қадам жерден допты торға түсірген Николе Жигич есеп ашты. Алайда ашынған алаң иелері тезарада таразы басын теңестіріп үлгерді. Орындалуы жағынан керемет шыққан бұл доп – Робин ван Персидің еншісінде. Дегенмен кездесудің 89-минутында “Арсеналдың” қақпашысы мен қорғаушысы арасындағы орнытолмас қателік орын алды. Нәтижесінде бос қақпаға аладопты домалата салған Мартинс “Биримингемге” жеңіс пен бірге Англияның Лига кубогын сыйлаған гол авторы атанды. “Арсенал” – “Бирмингем” – 1:2 (1:1) Голдар: ван Перси 39′– Жигич 28′, Мартинс 88′. “Арсенал”: Щесны, Санья, Джуру, Косиельни, Клиши, Уилшер, Росицки, Насри, Сонг, Аршавин (Шамах 77′), ван Перси (Бендтнер 69′). “Бирмингем”: Фостер, Иранек, Риджуэлл, Р. Джонсон, Карр, Ларссон, Фахи (Мартинс 83′), Гарднер (Босежур 51′), Фергюсон, Бойер, Жигич (Джером 90+1′). Ескертулер: Косиельни 37′, Ларссон 42′, Клиши 53′, Фергюсон 90+4′ Төреші: Майк Дин
КТК
Біздің серіктес: FONBET