Біржан Оразов Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды

07.02.2022, 14:49
Біржан өзі қатысқан барлық кездесуде мергендік танытты.
Біржан Оразов Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында қазақстандық Біржан Оразов үздік сұрмерген атанды.

Қазақстандық футзалшы құрлықтық додада 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Айта кетерлігі, ол өзі қатысқан барлық кездесуде мергендік танытты.

Топтық кезеңде Словения қақпасын бір мәрте дәл көздесе, одан кейін Финляндия, Италия қақпашыларын екі мәрте қапы қалдырды. Ширек финалда Украинамен болған ойында да екі гол соқты.

Екінші орын ресейлік Антон Соколовқа бұйырды. Оның еншісінде алты гол бар. Сұрмергендер тізіміндегі Артём Антошкин мен Иван Чишкала бес-бестен гол соқса, тағы бір қазақстандық Дуглас Жуниор төрт голдың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×