Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Instagram парақшасында Өзбекстанға қарсы өткен екінші жолдастық кездесу (4:6) туралы пікір білдірді:
– Жеңіс пен жеңіліс қашанда қатар жүреді. Бұл матчта біз қарсыластарымызға есе жібердік, бірақ енді қателермен жұмыс істеп, одан да күшті болып ораламыз. Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ, достар, ойын барысында концентрацияны жоғалтып алдық және кездесудің нәтижесіне бірқатар факторлар әсер етті.
Сондықтан біздің әлсіз және күшті тұстарымызды бағалау және анықтау үшін жолдастық кездесу ұйымдастырылады. Енді біз Еуропа чеммионатына дайындалып жатырмыз! Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды!
Біздің серіктес: FONBET