
Қазақстанда 2025 жылы бес қалада жаңа футбол стадиондарының құрылысы басталады. Бұл жобалар еліміздің спорттық инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықаралық стандарттарға сай нысандар салуға бағытталған.
Шымкент – Ең үлкен стадион
Орналасуы: Бозарық ықшамауданы
Сыйымдылығы: 35 000 көрермен
Құрылыстың басталуы: 2024 жылдың маусымында салтанатты түрде салынып бастады
Аяқталуы: 2026 жылдың ортасына жоспарланған
Ерекшелігі: УЕФА талаптарына сай, Қазақстандағы ең үлкен стадион болады
Астана – К. Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион
Орналасуы: Бұрынғы К. Мұңайтпасов атындағы стадионның орнына салынады
Сыйымдылығы: 3 598 орын (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар болады)
Құрылыстың аяқталуы: 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған
Бюджет: 17,3 миллиард теңге
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу-жаттығу базасы ретінде пайдаланылады
Семей – "Елімай” стадионы
Сыйымдылығы: 10 000 көрермен
Құрылыстың басталуы: 2025 жылы
Аяқталуы: 2026 жылға жоспарланған
Қаржыландыру: 12 миллиард теңге
Ерекшелігі: Қаладағы жаңа футбол инфрақұрылымының дамуына серпін береді
Ақтөбе – Жаңа көпфункционалды стадион
Сыйымдылығы: 35 000 көрермен
Құрылыстың басталуы: 2025 жылдың көктемінде
Ерекшелігі: УЕФА стандарттарына сай, халықаралық деңгейдегі матчтар өткізуге мүмкіндік береді
Атырау – Жаңа стадион
Сыйымдылығы: 12 000 көрермен
Құрылыстың басталуы: 2025 жылы
Аяқталуы: 2026 жылға жоспарланған
Мақсаты: Қаладағы футбол инфрақұрылымын жақсарту
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET