Биылғы маусымда жеңісті жолын жалғастырып келе жатқан жалғыз клуб – “Байерн Мюнхен”

27.10.2025, 22:35

Мюнхендік "Бавария" өткен сенбі күні жанкүйерлерін тағы бір мәрте қуантқан еді. Винсент Компани баптайтын команда сырт алаңда "Боруссия Мёнхенгладбахты" 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, кезекті Бундеслига ойынында сенімді ойын көрсеткен.

Биылғы маусымда жеңісті жолын жалғастырып келе жатқан жалғыз клуб – “Байерн Мюнхен”

Бұл жеңіс Мюнхендік клубтың биылғы маусымдағы мінсіз сериясын жалғастырды — "Бавария" барлық турнирлерді қоса есептегенде қатарынан 13 матчта жеңіске жетіп отыр.

Еуропаның үздік бес чемпионаты арасында осындай жетістікке бұған дейін тек “АС Милан” (1992/1993 жылғы маусымда) қол жеткізген болатын. Егер "Бавария" келесі ойында да жеңіске жетсе, онда Неміс алпауыты жаңа тарихи рекорд орнатады.

Чемпиондардың еелесі матчы — Германия кубогы аясында сырт алаңдағы "Кёльнге” қарсы 29 қазан, сәрсенбі күні өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×