Біздікілер легионерлерден көп ақша сұрай ма?

26.12.2024, 12:44

Қазақстандық жаттықтырушы Ринат Алюетов өткен маусымда «Тұранды» жасақтау кезіндегі кедергілер жайлы айтты. 

Біздікілер легионерлерден көп ақша сұрай ма?
"Каспий" - "Ақтөбе" кездесуі

Айта кетейік, отандық маман ҚПЛ-2024-ті тәмамдап, түркістандық ұжыммен қош айтысқан болатын. Енді ол «Каспийді» жаттықтыратын болады.  

«Тұранға» қаржылық талаптарға байланысты қазақстандық футболшыларды алу қиын болды. Сондықтан, құрам жасақтаған кезде клуб бюджетіне сәйкес келетін легионерлер мен отандық ойыншыларды табуымыз керек деген шешім қабылданды. Сондай-ақ, клубқа қойылған трансферлік бан да жағдайды қиындата түскен болатын», - деді қазақстандық бапкер.

Естеріңізде болса, Р. Алюетовтің бапкерлігімен түркістандық клуб биылғы ҚПЛ-ді 12-орынмен аяқтады. «Тұран» 24 ойында 20 ұпай еншілеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×