Солтүстік Македония құрамасының бас бапкері Благоя Милевски Бельгияға қарсы өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы туралы пікір білдіріп, келесі кездесу — Қазақстанға қарсы ойынға дайындық жайында айтты.
"Қорғаныстағы ойынымызға көңілім толады, бірақ жалпы ұйымдастыру жағынан кемшіліктер болды. Бұл кездесуде қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Дегенмен бастапқы жоспарымызда допқа көбірек иелік етіп, шабуылда белсендірек ойнау тұрған. Әрине, бұған қарсыластың да ықпалы тиді, себебі Бельгиялықтардың жартылай қорғаныс шебі өте мықты.
Біз топта бірінші орында қалдық, бұл – жақсы нәтиже. Бірақ енді басты назарды алдағы Қазақстанмен өтетін ойынға аударуымыз керек, әрі дайындық бүгіннен басталуы тиіс.” – деді Милевски.