БЛОГ. ХАЙНКЕСТІҢ ЖАТЫН БӨЛМЕСІНДЕГІ ОҚИҒА

17.04.2013, 03:26
БЛОГ.  ХАЙНКЕСТІҢ  ЖАТЫН  БӨЛМЕСІНДЕГІ  ОҚИҒА
784911-13377578-640-360 Телефон шырылдады. «Бавария» директоры Маттиас Заммер телефон шырылын естімей тұр. «Ноу Камп» стадионындағы 95 мыңға жуық жанкүйерлердің дауысы естітпейді де. Жан беріп, жан алысып өтіп жатқан жауап ойынның 89-шы минутында «Барселона» пайдасына 11 метірлік айып добы белгіленді. «Бавария» өз үйіндегі алғашқы ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді, жауап ойында болса нәтижесіз. Осы шешуші пенальти дейін әлі гол салынбаған. Месси пенальтиді тебу үшін дайындалып жатыр. Доп он бір метрлік белгінің үстінде… Телефон әлі шырылдап, дабыл қағуда. Жанкүйерлердің шуылдаған дауысынан телефонның дауысын есту мүмкін емес. Маттиас Заммер тек телефонның дызылын сезгендей болды. «Кім осы уақытта қоңырау шалып жатқан екен?» деген ой «Бавария» клубының спорттық директорының әуреге салды. Телефонның қызыл түймесін енді басайын деп жатқан да экрандағы есімге көзі түсіп қалды. Пеп Гвардиола! «Пеп тезірек айт, не болды?», – деп асығыс сұрады Заммер. Сол сәтте ашуланып тұрған Маттиастың жүзінен қуаныш байқалды. «Рас па? Мұндай маңызды ойындарда әр дайым Месси солай доп тебе ма?» Заммер қуанған күйі жаттықтырушы Юпп Хайнкесті қасына шақырды. «Қара, Пэп бірдеңе білетін сияқты», – деді қобалжып. «Мен жеребе тарту рәсімінен кейін-ақ айтқан едім ғой!», деді ол ашуланғанын жасыра алмай. «Өтініш, мен және менің ісіме құрметпен қараңдар! Маған қарсыласты жеңу үшін ешкімнің көмегі керек емес!», деп Хайнкес ашуланған күйі алаңға қарай кетіп қалды. Месси допты тебу үшін жүгірді және… Мануэль Нойер допты қайтарды. «Бавария» финалға шықты. Мюнхенда той, барлығы жеңіске қуанып жүр. Юпп Хайнкес өте қуанышты еді, бірақ… Жаттықтырушының қуанышы таң атқанша созылды. Таң ертең назары газеттегі мақалаларға ауды. Мақалада Юпп Хайнкес туралы бір ауыз сөз таппайсыз, не оның суреті жоқ. Барлық жерде Пептің күліп тұрған суреттері және «Гвардиола «Баварияны» құтқарып қалды», «Гвардиоланың көмегі арқылы жеңіске жеттік» деген тақырыпта барлық газет мақал жазып, шулап жатты. Сол уақытта тағы телефон шырылдады. Бұл жолы қатты бұрынғыдан бөлекше шырылдады. Енді оның құлақты тесетіндей шырылдаған даусы стадион ішінде емес, Хайнкестін жатын бөлмесінде шырылдап жатқан еді. Юпп Хайнкес телефондағы оятқышты өшірді. Керіліп алып, «қарғыс атқыр, осындай да түс болама, тфу, тфу…» деп күңк етті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×