28 жастағы шабуылшы Каршы клубымен бір жылдық келісім шартқа отырды.
Бобыр футболдағы кәсіби мансабын 2016 жылы “Насаф” командасында бастаған. Онда 2021 жылға дейін өнер көрсетіп, украинаның “Рух” және беларусияның СКА ұжымдарында доп тепті. 2023 жылдың өзбекстандық “Ордабасымен” келісімге келіп, бір маусымда 36 матч өткізіп, 8 гол мен 4 голдық пас берді. Шымкенттік команда сапында Абдухолиқов 2022/23 жылғы турнир қорытындысы Қазақстан чемпионы атанды.
Айта кетейік, 28 жастағы шабуылшы 2018 жылдан бері Өзбекстан құрамасына шақыртылып, барлық халықаралық турнирлерде 18 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Transfermarkt порталы Бобыр Абдухолиқовты 750 мың еуроға бағалайды.